Финляндияға қарсы ойында Қазақстанның төрт футболшысы алаңға шықпайды

17.10.2023, 17:20

Қазақстан турнир кестесінде 12 ұпаймен төртінші орында тұр

Финляндияға қарсы ойында Қазақстанның төрт футболшысы алаңға шықпайды
Фото ашық дереккөзден

Футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезіңі аясында Қазақстан құрамасының Финляндияға қарсы ойынға қатыспайтын ойыншылары белгілі болды. Маңызды матчта біздің 4 футболшы алаңға шықпайды.

Олардың үшеуі жалпы тізімге еңбей қалса, біреуі жарақатына байланысты ойынды алаң сыртынан тамашаламақ.

Аталған тізімге Әлібек Қасым, Владислав Прокопенко, Самат Жарынбетов белгісіз себеппен бапкер көзіне ілінбеді. Ал, Сергей Малый алған жарақатына байланысты әзірге ойынға қатыса алмайды.

Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы Данияға қарсы сырт алаңда есе жіберіп, маңызды ұпайды иелене алмаған еді. Әзірге ұлттық құрама турнир кестесінде 12 ұпаймен төртінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?