Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Орысша білмейді екен»: тәжік қақпашысы Роналдумен алаңда не үшін ерегіскенін түсіндірді

17.10.2023, 17:39

Португалдық шабуылшы дөрекілік танытқан

«Орысша білмейді екен»: тәжік қақпашысы Роналдумен алаңда не үшін ерегіскенін түсіндірді
Фото ашық дереккөзден

Тәжіктің «Истиклол» клубының қақпашысы Рустам Ятимов БАҚ-қа берген сұхбатында португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдумен қалай шекісіп қалғанын айтып берді.

Сауд Арабиясында өткен ойын жергілікті «Әл-Насырдың» пайдасына шешіліп, матч 3:1 есебімен аяқталған болатын. Аталған ойында Роналду 1 гол соғып, командасының жеңіске жетуіне үлес қосты. 2 қазанда өткен ойынның бір сәтінде тәжік қақпашысы оғаш мінез танытқан.

Ол Роналдумен не себепті кикілжіңге барғанын түсіндірді.

«Біз ойын барысында арынымызды күшейте түскенімізде ол аздап ашулана бастады. «Әл-Насыр» өте жақсы ойнады. Гол соғу үшін барлық тәсілге барды. Бұл қалыпты жағдай. Сосын біз бір-бірімізбен ерегісе бастадық. Ол дөрекілік танытқан соң мен де қарап қалмай жауап қаттым. Диалог бастапқыда орыс тілінде басталды. Алайда, оның орысша түсінбейтіні еске түсті. Одан кейін ағылшын және серб тілі қолданысқа енді. Кейін қол алысып, құшақтасып ойынды жалғастырдық. Бұл ойын барысында жиі болатын жағдай», - деді ол.

Криштиану Роналду 2023 жылдың басында Сауд Арабиясының «Әл-Насыр» клубы сапын толықтырған болатын. Ол жыл басынан бері өзі ойнайтын клуб пен ұлттық құрама сапында 40 гол соғып, әлемде сұрмергендер көшін бастап келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам