ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еуропа клубына ауысты

22.09.2025, 10:51

Ол QJ League-де 18 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген

19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еуропа клубына ауысты
instagram.com/astrencin

Қазақстандық жас футболшы Шахмырза Адырбеков енді мансабын Словакияның жоғары дивизионында жалғастырады. Ол жергілікті «Тренчин» клубымен 2026 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойды. Құжатта қосымша тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылғаны жазылған.

Адырбеков алғашында «Тренчиннің» қосалқы құрамында өнер көрсеткенімен, өзінің ойынымен негізгі команданың бапкерлік штабының назарын бірден аударды. Қазір ол нидерландтық маман Рикардо Монизаның жетекшілігімен бірінші команданың жаттығуларына қатысып жүр.

Қазақстандық футбол жанкүйерлеріне Шахмырза «Тобылдың» жастар құрамындағы ойындарымен жақсы таныс. Ол QJ League-де 18 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Қостанай клубының негізгі құрамында 3 ресми ойынға қатысып үлгерген. Бұған қоса, екінші лигада 8 кездесуге шығып, 1 ассист жасады. Өткен жылы Қазақстан Кубогында негізгі құрам сапында дебют жасаған болатын.

Айта кетейік, «Тренчин» – Словакия футболындағы ең беделді клубтардың бірі. Команда екі рет ел чемпионы атанған (2015, 2016) және қазіргі таңда чемпионат кестесінде 5-орында тұр. Көшбасшыдан небәрі 3 ұпайға ғана артта келе жатқан «Тренчин» маусымдағы басты фавориттердің бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×