ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Үш Toyota Camry 80 және әрқайсысына бір-бір пәтер». Ағайынды Сабырхандарға Шымкентте қошемет көрсетілді

22.09.2025, 20:36

Сондай-ақ олардың әкесі Айдархан Сабырханұлына да Toyota Camry 80 сыйға берілді

«Үш Toyota Camry 80 және әрқайсысына бір-бір пәтер». Ағайынды Сабырхандарға Шымкентте қошемет көрсетілді
Шымкент әкімдігі

Шымкент қаласында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған ағайынды боксшылар – Махмұд пен Төрехан Сабырханға ерекше құрмет көрсетілді.

Әкімдік пен демеушілердің қолдауымен қос спортшыға жаңа автокөлік пен пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ олардың әкесі Айдархан Сабырханұлына да Toyota Camry 80 сыйға берілді.

«Қатты қуаныштымыз. Үйімізге үш көлікпен қайтып барамыз. Әкемізге де, бізге де үлкен сый жасалды. Пәтер мен көліктер сыйлаған демеушілерге, қолдау көрсеткен қала әкімдігіне алғысымыз шексіз», – деді екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан.

Айта кетейік, ағайынды спортшылардың екеуі де Ливерпульдегі додада алтыннан алқа тақты. Махмұд Сабырхан 55 келі салмақта жеңімпаз атанып, өзінің екінші әлемдік титулына қол жеткізді. Ал інісі, 19 жастағы Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта финалда жапондық Севон Окадзаваны төрешілер шешімімен ұтып, әлем чемпионы атанды.

Төрехан – жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Бұл көрсеткіш – құрлық боксындағы бірегей жетістік. Сонымен қатар ол 2025 жылдың көктемінде кәсіпқой бокста дебют жасап, алғашқы жеңісіне жеткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 2
×