ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Футзал: Қазақстан бірде-бір пенальти сала алмай, Еуропа чемпионатынан тыс қалды

23.09.2025, 23:25

Осылайша, Еуро-2026 жолдамасы Апеннин түбегінің командасына бұйырды.

Футзал: Қазақстан бірде-бір пенальти сала алмай, Еуропа чемпионатынан тыс қалды
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өте алмады. Плей-оффтағы шешуші қарсылас Италия болды.

Алғашқы кездесу 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңген еді. Сондықтан Астанадағы қарымта ойында қазақстандықтар жылдам гол соғуды көздеді. Үшінші минутта Дәурен Тұрсағұлов әдемі комбинацияны сәтті аяқтап, есеп ашты. Алайда көп ұзамай Матеус Барикелло алыстан соққы жасап, таразы басын теңестірді.

17-минутта Альберт Ақбалықов Қазақстанды қайтадан алға шығарды. Екінші таймда Луис Турмена айып добынан гол соғып, есепті теңестірді. Бірақ көп ұзамай бұрыштан берілген пасты италиялық қорғаушы Габриэль Мотта өз қақпасына соғып алды – 3:2.

Негізгі кезеңде Қазақстан жеңіске жеткенімен, жалпы есеп 4:4 болып тіркелді. Қосымша уақытта қауіпті сәттер көп болғанымен, гол соғылған жоқ. Мәселе пенальти сериясында анықталды.

Өкінішке қарай, біздің ойыншылар өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, қақпашымен бетпе-бет шыққанда қателесті. Италия сапынан Мотта мен әріптестері суырылып шығып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Еуро-2026 жолдамасы Апеннин түбегінің командасына бұйырды.

Қазақстан құрамасы іріктеу тобында Албанияны екі мәрте (2:0, 4:2) жеңіп, Армениямен бір ойында тең (4:4) түсіп, бірінде есе жіберді (2:4). Даниямен сырт алаңда 2:3 есебімен ұтылып, өз жерінде 7:3 есебімен жеңген болатын.

Нәтижесінде біздің құрама 2-орынмен шектелді. Топта 16 ұпай жинаған Армения тікелей Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Астана төрінде өткен драмалық матчта жанкүйерлер керемет ойынға куә болды. Дегенмен, пенальти сериясындағы сәтсіздік Қазақстан құрамасын Еуро-2026 финалдық кезеңінен тыс қалдырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×