ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Шыңғыс Есенманов 16 жылдан кейін Қазақстан құрамасымен қош айтысты

Бүгін, 12:39

Құрамада әрдайым өзіңді дәлелдеу оңай емес.

Шыңғыс Есенманов 16 жылдан кейін Қазақстан құрамасымен қош айтысты
ҚФФ

Қазақстан футзал құрамасының ойыншысы Шыңғыс Есенаманов 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Италияға қарсы қарымта матчты (3:2, пенальтиде – 0:2) қорытындылады.

«Бұл өте ауыр матч болды. Ұтылдық, әсіресе өз алаңымызда жеңілу – өте қиын жағдай. Біз көптен бері мұндай нәтижеге тап болған жоқпыз, жеңісті сериямыз жақсы еді. Бірақ бұл – спорт. Біреу ұтады, біреу ұтылады. Бұл жолы сәттілік бізден теріс айналды. Мен 16 жыл бойы ұлттық құрамада ойнадым. Өте ауыр... Жігіттерге қоштасу сөзімді айттым, олармен бірге ойнаған әр сәт ерекше әсерлі болды. Атмосфера керемет еді. Бұл – өмір. Көп жарақат алдым, бірақ бәрібір ойынды жалғастырдым. Құрамада әрдайым өзіңді дәлелдеу оңай емес. Қазір жаңа буын өсіп келеді. Мен енді оларды экранның ар жағынан қолдаймын. Әрине, мұндай жағдайда ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтағым келмеген. Бірақ бұл – спорт, өмір жалғасады. Есте қалғаны – жеңістер. Әзірге мансабымды тек ұлттық құрамада тоқтаттым. Жігіттер бұл циклдің соңғысы екенін білген еді. Португалияны жеңгеніміз ерекше есте қалды. Біз әрдайым фаворит саналатындарды жарыстан шығарып отырдық. Италияға қарсы ойынды да жалпы алғанда ұттық, тек пенальти сериясында жолымыз болмады. Жанкүйерлерге айтар алғысым шексіз. Негізгі бөлігі әрқашан өз ойынышларына сенеді, қолдайды», - деді Шыңғыс Есенаманов.

Шыңғыс Есенаманов 2009 жылдан бері ұлттық құрамада 100-ден астам матч өткізген.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×