ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Италиядан жеңілгеннен кейін Қазақстан тағы бір бразилиялық ойыншыны қатарға қоспақшы

24.09.2025, 16:54

Айта кетейік, Кайо Руис 2022 жылы Бразилия футзал құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Италиядан жеңілгеннен кейін Қазақстан тағы бір бразилиялық ойыншыны қатарға қоспақшы
"Қайрат" футзал клубы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Италиядан жеңілгеннен кейін тағы бір бразилиялық ойыншыны натурализациялау мәселесі қарастырып жатыр екен.

Алматының «Қайрат» клубында ойнап жүрген Кайо Руистің азаматтық алуға мүмкіндігі бар. Өйткені оның Қазақстанда ойнап жүргеніне 4 жыл болған. Азаматтық алса, енді бірер жылда ел намысын қорғай алады.

«Құрамада бізде сол аяғымен ойнайтын ойыншы жоқ. Бұл – үлкен проблема. Бізге сапалы солақай ойыншы табу қиын болып тұр. Әрине, іздейміз. Мысалы, Кайо бар. Ол сол аяғымен ойнайтын ойыншы. Біз оны сақтап, натурализациялауға тырысқымыз келеді. Ол Қазақстанда төрт жыл бойы тұрып, өзін жақсы қырынан көрсетті. Өз ойынымен де, тұрмысымен де нағыз патриот екенін дәлелдеді. Егер бәрі сәтті болса, оған құрама жейдесін киіп, Қазақстан азаматтығын алу ұсынылады, – деді КФФ атқару комитетінің мүшесі Қайрат Оразбеков Қазақстан құрамасының Италиямен болған плей-оффтағы жеңілісінен кейін.

Айта кетейік, Кайо Руис 2022 жылы Бразилия футзал құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×