Өзбекстан футболшыларына көлік сыйлағаны үшін 340 мың доллар айыппұл төлейді

Telegram WhatsApp

BYD маркалы автокөліктердің жарнамасына тыйым салынған болып шықты

gazeta.uz
gazeta.uz

Азия футбол конфедерациясы (АФК) Өзбекстан футбол қауымдастығын матч кезінде жарнама ережелерін бұзғаны үшін 340 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

АФК-ның тәртіптік комитеті бұл шешімді Өзбекстан мен Катар құрамалары арасындағы ойыннан кейін қабылдаған. Айыппұлдың басты себебі – ұлттық құраманың футболшыларына берілген BYD маркалы автокөліктер. Бұл сыйлықтар ойыншылардың табысты өнер көрсетіп, Әлем чемпионатына жолдама алу құрметіне берілген еді.

Алайда АФК регламентіне сәйкес, ресми матчтар мен іс-шаралар кезінде турнирдің ресми серіктестері болып табылмайтын брендтердің жарнамасына қатаң тыйым салынады. Осы ереженің бұзылуы ұйымның коммерциялық және жарнамалық талаптарын сақтамау ретінде бағаланды.

Нәтижесінде Өзбекстан футбол қауымдастығына 340 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеу жөнінде шешім шықты.

Айта кетейік, автокөлік сыйлау рәсімі бұған дейін Өзбекстан қоғамында да үлкен резонанс тудырып, спорт сүйер қауым мен БАҚ өкілдері арасында қызу талқыланған болатын.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 388 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 509 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 278 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 169 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 283 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›