ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Димаш Қашкен құрамада ойнайтын барлық талапқа сай – Талғат Байсуфинов

09.10.2025, 17:19

ҚПЛ-де ойнаған барлық футболшылардың дерегі бар

Димаш Қашкен құрамада ойнайтын барлық талапқа сай – Талғат Байсуфинов
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейнмен өтетін матч алдындағы баспасөз мәслихатында Дінмұхаммед Қашкеннің құрама сапына шақырылуына қатысты пікір білдірді.

«Бұрын бізде кеңейтілген және негізгі, кейін қосалқы тізім болатын. Жаттығу кезінде Сергей Малый мен Ұлар Жақсыбаевтың жарақат алғанын білдік. Бізге орталық қорғаушы, оның ішінде оң аяқпен ойнайтын футболшы қажет болды. Қазір ҚФФ жанында селекциялық бөлім жұмыс істейді. Олар үлкен база құрған. Сол тізімде Қазақстан азаматы саналатын ҚПЛ-де ойнаған барлық футболшылардың дерегі бар. Сол тізім арқылы бізге Димаштың кандидатурасын ұсынды, ол барлық талапқа сай келді», — дейді Байсуфинов.

Бапкер құраманың басты құндылығы – бірлік екенін атап өтті және Қашкеннің шақырылуына байланысты айтылған сын пікірлерге назар аударуға болмайтынын жеткізді:

«Ашық айтайын, ұлттық құрама – бұл бір отбасы. Иә, Қашкеннің шақырылуына байланысты түрлі пікір мен сын айтылды, бірақ оған назар аударудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ең бастысы – бірігіп, матчқа дайындалу. Біздің мақсат  –  жеңіс. Керісінше, бұл жас қазақстандық футболшылар үшін жақсы үлгі: бәрі де еңбегіңе және дайындық деңгейіңе байланысты. Құрамаға келудің жолы ашық екенін бәрі түсінуі керек, –  деді Талғат Байсуфинов.

Қазақстан  –  Лихтенштейн матчы 10 қазанда «Астана Аренада» өтеді. Кездесудің басталуы — елорда уақытымен 19:00-де.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам