Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Қайрат» футболшыларға сыйлық беруге қатысты жаңа тәртіп енгізді

15.10.2025, 10:05

Боранбаев: Дастан да, Мартынович те, Громыко мен Заруцкий де сыйлыққа лайық

«Қайрат» футболшыларға сыйлық беруге қатысты жаңа тәртіп енгізді
"Қайрат" ФК

Футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев Шерхан Қалмырзаға берілген қымбат сыйлықтан кейін клуб ішінде арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Бұл туралы «Спорт Шрёдингера» басылымы жазды.

Еске салайық, 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы «Спортингпен» (1:4) және «Реалмен» (0:5) өткен ойындардан кейін кәсіпкерден Exceed маркалы көлік сыйға алған болатын. Сондай-ақ Темірлан Анарбековке де кәсіпкерлер көлік мінгізген.

Бұл жағдай қоғамда түрлі пікір туғызды, ал бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мұндай жекелей марапаттау командалық рухқа кері әсер етуі мүмкін екенін атап өткен еді.

Біз ойыншылармен кездесу өткізіп, осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндірдік. Қай жағдайда да жеңіс — бүкіл команданың еңбегі. Егер бір ойыншыға сыйлық берілсе, онда Дастанға да, Мартыновичке де, Громыко мен Заруцкийге де лайық деуге болады. Бірақ болған іс болды. Әрине, біз мұндай сыйлықтарды тыйым сала алмаймыз. Дегенмен, футболшылардың бәрі клубпен келісімшартқа отырғандықтан, енді барлық осындай мәселелер клуб арқылы реттелуі тиіс деген шешім қабылдадық, — деді Боранбаев.

Осылайша, «Қайрат» басшылығы алдағы уақытта ойыншыларға жеке сыйлық немесе демеушілік сый тарту мәселесін клубтың бақылауында ұстамақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам