Лука Модрич «Реалға» оралатынын айтты

Telegram WhatsApp

Оның «Миландағы» келісімшарты 2026 жылдың жазында аяқталады

Getty Images
Getty Images

«Миланның» жартылай қорғаушысы зорватиялық Лука Модрич футболдағы мансабын аяқтаған соң мадридтік «Реалға» оралатынын айтты. Мұндай мәліметті испаниялық басылымлар таратып отыр.

Дереккөз мәліметінше, 40 жастағы ойыншы аз уақыттан кейін «Лос-Бланкос» академиясына бапкер ретінде оралмақ. Мұндай ұсынысты оған «Реал» президенті Флорентино Перестің өзі ұсынған көрінеді. Модрич ұсыныстан бас тартпаған.

Белгілі болғандай, хорват футболшысы қазір бапкерлік лицензия алудың қамына кірісіп кеткен. Ол биылғы маусым соңына дейін арнайы курстан өтіп, келесі маусымда бапкерлік амплуада жұмысын бастайды.

Еске салайық, Модрич пен «Милан» арасындағы контракт 2026 жылдың маусымына дейін жасалған. Тараптар бұл мерзімді соза алады. Дегенмен, инсайдерлер Луканың мансабын аяқтайтынын сеніммен айтып отыр.

Лука Модрич бірнеше жыл қатарынан Еуропаның ең үздік ойыншыларының бірі саналып келді. 2018 жылы ол «Алтын доп» иегері атанған. Мадридтік «Реал» сапында ойнаған он жылдан астам уақытта Чемпиондар лигасын – бес рет, клубтың Әлем чемпионатын төрт рет жеңіп алған.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 41 069 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 59 966 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 135 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 73 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 72 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 465 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 342 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 535 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 584 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 292 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 175 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 309
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›