Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Дастан Сәтпаев жеңіс голын қайтыс болған бұрынғы командаласы Диас Төлеуге арнады

18.10.2025, 09:15

«Қайрат» пен «Астана» биылғы ҚПЛ чемпионы атағына таласуда

Дастан Сәтпаев жеңіс голын қайтыс болған бұрынғы командаласы Диас Төлеуге арнады
Қайрат ФК

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында ел чемпионы «Қайрат» сырт алаңда «Қызылжармен» ойнап, маңызды үш ұпайына қол жеткізді.

Петропавлда өткен ойында алматылықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта «Қайрат» жұлдызы Дастан Сәтпаев соқты.

Матчтан кейін Сәтпаев осынау жеңіс голын күні кеше қайтыс болған 19 жастағы футболшы Диас Төлеудің рухына арнайтынын айтты. Гол соқаннан кейін ол қолымен «Т» әрпін бейнелеген. Еске салайық, екі ойыншы былтыр «Қайраттың» U18 командасында бірге ойнаған.

«Хан-Тәңірі» клубының ойыншысы Дастан Төлеу 16 қазанда тура ойын кезінде есінен таңып, ауруханаға жетпей қайтыс болған еді. Дәрігерлер оның өлімінің нақты себебін әлі айтқан жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам