Қазақстан құрамасы Грекиға қарсы ойын алдында Түрікменстанмен кездеседі

30.01.2024, 16:19

М.Адиев шәкірттері Еуропа чемпионатына берілетін жалғыз жолдама үшін күреседі

Қазақстан құрамасы Грекиға қарсы ойын алдында Түрікменстанмен кездеседі
Қазақстан футбол федерациясы

Наурызда Ұлттар лигасы аясында Грекия құрамасымен ойнайтын Қазақстан футболшылары оқу-жаттығу жиынын Дубайда өткізетін болды. Бұл туралы ҚФФ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жиын 8 наурызда басталады. Ал, 14 наурызда Магомед Адиев шәкірттері Түрікменстан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Қазақстан мен Грекия арасындағы кездесу 21 наурызда Афиныда өтеді. Бұл матчтың жеңімпазы Грузия-Люксембург арасындағы ойынның жеңімпазымен Еуропа чемпионатына берілетін жолдаманы сарапқа салмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?