Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Маркус Рэшфорд мас күйде ақша шашып, түнгі клубта көңіл көтерген

31.01.2024, 09:58

Ол қол сөмкесіндегі ақшасының бәрін шашып алған

Маркус Рэшфорд мас күйде ақша шашып, түнгі клубта көңіл көтерген
Getty Images

Англия құрамасының және «Манчечтер Юнайтед» клубының шабуылшысы Маркус Рэшфорд «денсаулығына байланысты» соңғы жаттығуларға келмей қалған болатын. Белгілі болғандай, ол Белфаст қаласына (Солтүстік Ирландия) барып, таңға дейін алкоголь ішкен екен. Бұл туралы sports.ru жазды.

26 жастағы футболшы күндіз италиялық Villa Italia мейрамханасында тамақтанған. Сол жерде даяшы қызбен танысып, оны түнгі клубқа бірге баруға шақырыпты. Сондай-ақ, қызға үлкен сомада ақша тастап кеткен.

Адэр есімді бойжеткен Маркустың шақыртуын қабыл алып, кешке онымен бірге Thompson’s Garage түнгі клубына барады. Футболшы теңіз балығына тапсырыс беріп, бірақ одан дәм ауыз тимеген, ол тек текила ішумен болған. Кейін таңға дейін жұмыс істейтін өзге клуб іздеуге шықты дейді даяшы қыз.

«Маркуста үйге қайту деген ой да болған жоқ. Мас болғаны сонша, ақша толы қол сөмкесін қалай құлатып алғанын да білмейді, ақшасының бәрі шашылып қалды. 

Ол есін жоғалтып алды, мен оны төсегіне дейін сүйреп апардым», - деді Адэр.

Таңғы 5-те Рэшфорд достарымен бірге қонақ үйден шығып кеткен. Екі сағаттан кейін олар жеке ұшаққа отырып, Манчестерге ұшып кетіпті. Келесі күні футболшы жаттығуға келмей, ауырып қалғанын айтыпты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам