ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Бельгия құрамасы Қазақстанға қарсы ойында бас бапкерсіз шығады

12.11.2025, 11:19

Руди Гарсия алдағы кездесуді тек трибунадан бақылайды

Бельгия құрамасы Қазақстанға қарсы ойында бас бапкерсіз шығады
championat.com

Бельгия ұлттық құрамасының бас бапкері Руди Гарсия 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы матчта өз командасын алаң жиегінен басқара алмайды.

Бұл шешім оның Уэльске қарсы өткен ойында екінші сары қағаз алуына байланысты қабылданды. Сондықтан Гарсия алдағы кездесуді тек трибунадан бақылайды. Астанада өтетін матч кезінде командаға оның көмекшісі Клод Фишо жетекшілік етеді.

Біз бапкерлік штабпен жұмыс барысын менің жоқтығым сезілмейтіндей етіп ұйымдастырамыз. УЕФА регламентіне сай не істей алатынымды, не істей алмайтынымды анықтаймыз. Уайымдамаңыздар, ойыншылар барлық қажетті нұсқаулық алады және өздерін барынша көрсетеді. Жұмадағы баспасөз мәслихатына қатыса алмайтын шығармын, бірақ бұл тіпті жақсы — сіздерден аздап демаламын. Сөзді Клодқа беремін, маған да пайдасы тиеді, — деп әзілдеді Гарсия.

Қазақстан – Бельгия матчы 15 қарашада Астанада өтеді және бұл алаң иелері үшін 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесу болмақ. Еске сала кетейік, екі құраманың Брюссельдегі қыркүйектегі ойыны бельгиялықтардың 6:0 есебімен ірі жеңісімен аяқталып, сол нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кеткен еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам