Тартысты өткен матч алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды
Бүгін, 4 қарашада елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Челябіде жергілікті «Трактормен» кездесті.
Тартысты өткен матч алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Ресейлік команда сапынан Натан Легаре мен Андрей Светлаков шайба соқса, «Барыстың» жалғыз голын Мэйсон Мореллидің еншісіне жазды.
Жеңіліске қарамастан, қазақстандық клуб 25 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші орында тұр. Ал 21 ұпай жинаған «Трактор» турнир кестесінің соңғы, 11-сатысында орналасқан.
«Барыс» келесі кездесуін 6 қарашада өткізеді. Астаналық команда бұл жолы да сырт алаңда Владивостоктың «Адмиралына» қарсы ойнайды.