ҚХЛ-дың екі конференциясында да командалар турнир кестесінде бір-біріне өте жақын орналасқан
Құрлықтық хоккей лигасында Шығыс конференциясының көшбасшылары арасындағы кезекті тартысты кездесу өтеді. Магнитогорскінің «Металлург» командасы өз алаңында Нижнекамскінің «Нефтехимик» клубын қабылдайды. Ал Батыс конференциясында әр ұпай үшін күрес жалғасып жатыр.
«Металлург» (Магнитогорск) – «Нефтехимик» (Нижнекамск). 5 қараша, 19:00 (Астана уақытымен)
ҚХЛ-дың екі конференциясында да командалар турнир кестесінде бір-біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан кез келген матчтың нәтижесі командалардың орнын өзгертуі мүмкін. Тек Шығыс конференциясының көшбасшысы «Металлург» қана қарсыластарынан едәуір ұзап үлгерді.
Дегенмен Olimpbet сарапшыларының пікірінше, «Нефтехимик» кез келген қарсыласқа қиындық туғыза алады және бұл кездесуде де голсыз қалмайды.
Көшбасшы мен басты қарсыластың текетіресі
Шығыс конференциясының үздік екі командасы биылғы маусымда үшінші рет кездескелі отыр. Бұған дейінгі екі ойында да Магнитогорск клубы жеңіске жеткен.
«Металлург» – чемпионаттағы ең нәтижелі команда. Ол 24 матчта қарсыластарының қақпасына 79 шайба соққан. Шабуылдағы жоғары нәтижелілігінің арқасында команда жалпы турнир кестесінде де көш бастап тұр.
Алайда Константин Шафранов шәкірттері әзірге ұзақ жеңісті серия қалыптастыра алмай келеді. «Металлург» соңғы үш матчтың екеуінде жеңіліске ұшырады. Оның үстіне өз алаңындағы ойындар сериясын ЦСКА-дан 3:7 есебімен жеңілуден бастады.
Ал «Нефтехимик» Шығыс конференциясында екінші орында келеді. Команда «Металлургтен» жеті ұпайға қалып қойғанымен, қоржынында бір қосымша ойыны бар.
Үшінші орында тұрған «Барыс» та Нижнекамск клубын өкшелеп келеді. Қазақстандық команда «Нефтехимиктен» небәрі үш ұпайға қалып отыр.
Игорь Гришин шәкірттері қараша айын сәтті бастады. Олар сырт алаңда «Сібірді» 3:1, ал «Сочиді» 2:1 есебімен жеңді.
Нижнекамск командасы жылдам шабуылдар арқылы қарсылас қақпасына қауіп төндіреді. Алайда жоғары қарқынды ұзақ уақыт сақтап тұру және қорғаныстан шабуылға жылдам ауысу жағынан қиындықтары бар.
«Металлургтің» де қорғанысы мінсіз емес. Команда әр матчта орта есеппен үш шайба жіберіп жүр. Сондықтан алаң иелері үшін шайбаны бақылауда ұстау аса маңызды болмақ.
«Нефтехимик» есесін қайтара ала ма?
Бұл екі команданың кездесулері әдетте тартысты әрі нәтижелі өтеді.
Olimpbet сарапшылары алдағы ойында «Металлург» жеңіске жетеді деп болжап отыр. Сондай-ақ екі команда бірігіп бес шайбадан көп соғады деген пікірде.

«Шанхайские Драконы» (Шанхай) – «Динамо» (Мәскеу). 5 қараша, 21:30
Батыс конференциясында турнирлік бәсеке әлдеқайда қызу. «Айдаһарларға» үздік бестікке қайта оралу үшін небәрі екі матч жеткілікті болды.
Дегенмен Olimpbet сарапшылары мәскеулік «Динамоға» қарсы кездесуде екі команданың жеңіске жету мүмкіндігі шамалас деп есептейді.
Батыстағы бәсеке
Қазан айында «айдаһарлар» Мәскеу клубын жеңген болатын. Алайда сол кездесуде басымдық небәрі бір шайбаны құрады – 3:2. Қазір екі команда да қатарынан екі матчта жеңіске жетіп отыр.
Санкт-Петербургте орналасқан қытайлық клуб «Салават Юлаевты» 3:2 және «Северстальді» 3:1 есебімен жеңді.
Ал мәскеулік «Динамо» «Амурдан» 2:1 есебімен басым түсіп, Минскінің аттас командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
«Айдаһарлар» әртүрлі тактикалық тәсілдерді қолдана алады және қорғаныстан шабуылға жылдам ауысады. Алайда соңғы матчтарда команданың қорғаныс шебі жиі сыр беріп жүр. Митч Лав шәкірттері соңғы төрт кездесуде өз қақпасына он шайба жіберген.
Ал «Динамо», керісінше, қорғаныста тәртіпті ойын көрсетіп, соның арқасында турнирлік жағдайын жақсартып келеді.
Әзірге Леонид Тамбиев жаттықтыратын команда Батыс конференциясында жетінші орында тұр. Алайда үшінші сатыдағы «айдаһарлардан» небәрі жеті ұпайға қалып қойған.
Салыстыру үшін айтсақ, Шығыс конференциясында бірінші және екінші орындардағы командалардың арасындағы айырмашылық та дәл осындай.
Матч соңына дейін сақталатын интрига
Батыс конференциясының көшбасшылары қатарына ұмтылып жүрген «айдаһарлар» үшін бұл кездесу оңай болмайтыны анық.
Olimpbet сарапшылары тартысты ойында «Шанхайские Драконы» командасы аз ғана басымдықпен жеңіске жетуі мүмкін деп есептейді.
Олардың болжамынша, кездесудің ең ықтимал есебі – 3:2.