«Барыс» қатарынан үшінші ойында жеңіліп, турнирлік кестеде төмендеді

Келесі ойын «Барыс Аренада» 12 қарашада өтеді. Қарсылас – «Адмирал».

ХК “Барыс”
ХК “Барыс”

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Астананың «Барысы» сырт айдында «Амурмен» ойнап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Кравец шәкірттері тоғыз матчтан тұрған қонақтағы ойындар сериясын аяқтады.

Матчтың бірінші кезеңінде командалар гол соға алған жоқ. Екінші кезеңде «Барыс» ойыншысы айдыннан екі минутқа қуылып, «Амур» сан басымдығын ұиымды пайдаланды, гол авторы – Олег Ли.

Үшінші кезеңде астаналық команда қарсылас қақпасын толассыз шабуылдады. Алайда, 18 соққының бірде-бірі қақпаға дарыған жоқ. Есесіне «Амур» матч аяқталуға бірнеше секунд қалғанда бос қақпаға екінші шайбаны соғып, сенімді жеңіске жетті.

Айта кету керек, «Барыс» қатарынан үші ойында бірде-бір гол соға алмай жеңілді. Сырт айдында өткізген тоғыз матчтың тек үшеуінде жеңіске жетіп, алтауында қарсыласқа есе жіберді. Нәтижесінде турнирлік кестенің бесінші сатысына дейін төмендеді.

Келесі ойын «Барыс Аренада» 12 қарашада өтеді. Қарсылас – «Адмирал».

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам