Осы жеңістен кейін «Барыс» турнирлік кестесе сегізіншіден алтыншы орынға көтерілді
«Адмиралды» 4:2 есебімен жеңгеннен кейін, «Барыс» шабуылшысы Всеволод Логвинді ҚХЛ жарыс күнінің ең үздік хоккейшісі деп атады. Астаналық клуб аталған матчта камбэк жасаса, Логвин жеңіс голын соққан еді.
ҚХЛ-дің баспасөз қызметі әр күн сайын турдың үздік хоккейшілерін анықтап, әлеуметтік желіде жариячап отырады. 12 қарашада бұл мәртебеге «Барыс» шабуылшысы лайықты деп танылыпты. Логвин «Адмирал» қақпасына үш соққы жасап, соның екеуін голға айналдырған. 54 минутта ол Логан Дэйдің пасын қақпаға дәл бағыттаса, матч аяқталуға бір минут қалғанда бос қақпаға гол соқты.
Осы жеңістен кейін «Барыс» турнирлік кестесе сегізіншіден алтыншы орынға көтерілді. Келесі ойынды Кравец шәкірттері 15 қарашада өз айдынында «Металлургке» қарсы өткізеді.