Қазақстандық хоккейші Бексұлтан Мақыш Солтүстік Америкада жаңа клубқа ауысты

«Уинсор Спитфайрз» клубынан «Флинт Файрбёрдз» командасына ауысты

ҚХФ
ҚХФ

18 жастағы қазақстандық шабуылшы Бексұлтан Мақыш Онтарио хоккей лигасында (OHL) «Уинсор Спитфайрз» клубынан «Флинт Файрбёрдз» командасына ауысты.  

Айырбас келісімі бойынша «Уинсор» 20 жастағы шабуылшы Джош Колосимоны және OHL драфтындағы үш таңдауды иеленді. Ал «Флинт» 2027 жылғы драфттың тоғызыншы раундындағы, 2030 жылғы драфттың үшінші раундындағы және «Ниагараға» тиесілі болған 2030 жылғы бесінші раундтағы таңдау құқығын берді.

Бексұлтан Мақыш осы маусымда «Уинсор» сапында 16 матч өткізіп, бес шайба соқты және екі нәтижелі пас берді. Оның еншісінде жеті ұпай бар. Ал OHL-дегі алғашқы маусымында қазақстандық хоккейші 68 кездесуде 39 ұпай жинаған.

Айта кетейік, Мақыш 2027 жылы ҰХЛ драфтына қатысып, клубтардың бірінің таңдауына ілігуі мүмкін.

Қазақстандық шабуылшы жаңа командасындағы алғашқы ойынын бұрынғы клубы «Уинсорға» қарсы өткізуі ықтимал. Кездесу 15 қарашада Астана уақытымен сағат 05:00-де басталады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам