«Барыс» Омбыда «Авангардқа» есе жіберді

Бұл жеңілістен кейін астаналық клубтың еншісінде 29 ұпай қалды

“Барыс“ ХК
“Барыс“ ХК

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда Омбының «Авангардымен» кездесіп, 1:3 есебімен жеңілді.

Омбыда өткен матчта алаң иелері басым түсті. Жеңімпаздар сапынан Джош Ливо дубль авторы атанса, Эндрю Потуральски де мергендігімен көзге түсті. Ал «Барыстың» жалғыз шайбасын Ансар Шайхмедденов соқты.

Бұл жеңілістен кейін астаналық клубтың еншісінде 29 ұпай қалды. Команда Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр. Ал «Авангард» 34 ұпаймен екінші сатыға көтерілген.

«Барыс» келесі кездесуін 22 қарашада Астанада минскілік «Динамоға» қарсы өткізеді. Сол күні «Авангард» Қазанның «Ақ Барсын» қабылдайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам