«Барыс» ҚХЛ көшбасшыларының бірін жеңіп, плей-офф аймағына оралды

Telegram WhatsApp

Келесі матчты «Барыс» сырт айдында СКА-ға қарсы өткізеді

Барыс ХК
Барыс ХК

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Северстальды» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Матчқа дейін Череповецк командасы турнирлік кестенің үшінші сатысында болған. «Барыс» болса үздік сегіздіктің сыртында қалып, плей-офф аумағы кіруді мақсат еткен.

Ойынның бірінші кезеңінде қонақтар өткір шабуылдарымен астаналық клубты әбден әбігерге салды. Тіпті, бір гол соққанымен, төреші ойын ережесінің бұзылғанын анықтап, гол есепке алынбады.

Екінші кезеңде де ойын «Барыстың» жарты алаңында өтіп жатқан. Осындай сәттердің бірін Логан Дэй ұтымды пайдаланып, қарымта шабуылда есеп ашып кетті. Ал, 37-минутта биылғы маусымның ең үздік сұрмергені Джастин Бэйли қанжығасын майлады.

Үшінші кезеңде «Северсталь» шабуылды үдеткенімен, «Барыс» қорғаушылары мен қақпашысы сауатты ойнап, қақпаға гол жіберген жоқ.

Осылайша, Кравец шәкрттері үш матчтан тұрған жеңілістер сериясын үзіп, турнирлік кестеде сегізінші орынға көтерілді. Череповецтік команда болса үшінші орнын сақтап қалды.

Келесі матчты «Барыс» сырт айдында СКА-ға қарсы өткізеді. Бұл ойын 27 қарашаға жоспарланған.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 16 897 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 559 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 191 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 300 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 527 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 577 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 173 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 297 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 835 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 500 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 339
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›