Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконың жігіті қайтыс болды

19.03.2024, 11:50

Өлім себебі әзірге белгісіз

Әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконың жігіті қайтыс болды
ХК "Динамо-Минск"

«Салават Юлаев» хоккей клубының бапкері Константин Кольцов АҚШ-тың Майами қаласында қайтыс болды. Бұл ақпаратты клубтың ресми өкілдері растап отыр.

Беларусь елінің 42 жастағы экс-хоккейші өлер алдында сүйіктісі – әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкомен бірге болған деп жазады жергілікті БАҚ өкілдері. Алайда, спортшының нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

«Өкінішке қарай, «Салават Юлаевтың» бапкері Константин Кольцов өмірден өтті. Ол мықты, көңілді адам болатын, ойыншылар, әріптестері, жанкүйерлер оны жақсы көретін, сыйлайтын. Константин Евгеньевич өз есімін біздің клуб тарихына мәңгілікке жазып қалдырды. Кольцов «Салават Юлаев» сапында Ресей чемпионаты мен Гагарин кубогін жеңіп алған, бапкерлік штабта үлкен жұмыстар атқарған. «Салават Юлаев» хоккей клубы Константин Евгеньевич Кольцовтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген ХК таратқан хабарламада.

Кольцов бапкерлікпен 2017 жылдан бері айналысып келді. Ол соңғы екі жылдай уақыт «Салават Юлаевпен» бірге жұмыс істеп, кеше ғана басқа клубқа ауысқалы жатқан.

Кольцов бір рет үйленіп ажырасқан. Үш баласы бар. Соңғы жылдары әйгілі теннисші Арина Соболенкомен көңіл жарастырған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам