Көкшетаулық клуб бұл атаққа екінші рет қол жеткізіп отыр
Хоккейден Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Төрт жеңіске дейінгі финалдық серияда астаналық «Номадпен» ойнаған көкшетаулық «Арлан» жалпы есепте 4:1 нәтижесімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.
Өз айдынында өткізген алғашқы матчты «Арлан» сәтсіз бастаған еді. Дегенмен, екінші ойында жалпы есепті теңестірсе, Астанада өткен екі матчта жеңіске жетті. Ал, 16 сәуірде болған шешуші матч Көкшетауда өтіп, айдын иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Гол авторлары:
1:0 — 10:54 Павленко (Шевченко, Буяльский)
2:0 — 24:32 Буяльский (Шевченко, Хорошев)
2:1 — 43:04 Александров (Шульга)
3:1 — 44:46 Лихотников (Никулин, Карабань).
Осылайша көкшетаулық команда өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанып отыр.