ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Нығматулиндер иелік еткен «Сарыарқа» хоккей клубынан шу шықты

21.07.2024, 13:18

Шу ойыншылардың жалақысына қатысты шыққан

Нығматулиндер иелік еткен «Сарыарқа» хоккей клубынан шу шықты
"Сарыарқа" ХК

Жақында мемлекетке қайтарылған Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубының ойыншылары басшыларымен соттасып жатыр. Press.kz порталының жазуынша, хоккейшілер мен қызметкерлері «Сарыарқа» клубының басшылығының үстінен ұжымдық арыз түсірген. 

Клубтың кемінде 15 өкілі сотқа азаматтық шағым түсірді. Олардың қатарында шабуылшылар – Александр Шин, Герман Шапорев, Сергей Твердохлебов, Дмитрий Исмагилов, Захар Пархоменко, Егор Анисимов, Константин Двуреченский, қорғаушылар – Олег Гофман, Егор Огиенко, Даниил Киселев, Иван Гавриленко, қақпашылар – Денис Каратаев пен Иван Гавриленко және қақпашылар Роман Козлов, Сергей Шепетюк пен Андрей Кудин бар.

Айта кетейік, жақында 900 миллион теңгеге бағаланған «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекетке қайтарылған еді. Қарағанды облысының прокуратура мамандары осы күні заңсыз берілген активтерді жаппай тексеріп жатыр.

«Сарыарқа» клубы ұзақ жылдар ағайынды Нығматулиндердің қолында болған. 2018 жылға дейін Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин басқарды. Ол 2018 жылы зейнетке шыққан.

Бірақ Арғын Зайроллаұлы әлі күнге дейін шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы жастар құрамасының бас менеджері және Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы Атқару комитетінің мүшесі болып жүр. Қазіргі кезде федерацияның Қарағанды облыстық филиалын басқарады.

Клубтың ресми сайтында директор ретінде Ержан Сәдуақасов көрсетілген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам