«Барыс» «Адмиралдан» жеңілді

28.09.2023, 18:26

Астанада ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз айдынында «Адмиралды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» «Адмиралдан» жеңілді
Фото prosports.kz

Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері сапында негізгі уақытта Понтус Оберг пен Райли Барбер шайба соқты. Қонақтар сапында Джованни Фьоре мен Прохор Корбит голдың авторы атанды.

Буллиттер сериясында владивостоктық хоккейшілер дәлірек болды – 2:1.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте «Барыс» Астанада «Сибирьмен» кездеседі.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Адмирал» (Владивосток, Ресей) 2:3 Б (0:1, 1:1, 1:0, 0:0, 0:1)

Шайбалар:

0:1 — 01:25 Фьоре (Горшков, Лисовец)

0:2 — 24:19 Корбит (Варфоломеев, Гутик)

1:2 — 38:06 Оберг (Барбер, Скленичка)

2:2 — 43:05 Барбер (Скленичка, Оберг)

Қақпашылар: Шутов — Хомченко 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?