“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«125,9 миллион». «Барыс» хоккей клубында ең көп жалақыны кім алады

13.09.2024, 17:14

Үш хоккейшінің жалақысы кемі 100 миллионнан басталады

«125,9 миллион». «Барыс» хоккей клубында ең көп жалақыны кім алады
hcbarys.kz

Елордалық «Барыстың» хоккейшілері жаңа маусымда қанша жалақы алатыны белгілі болды. Клубтағы ең қымбат үш ойыншының есімі анықталды.

Кирилл Савицкий елордалық клубтың жаңа маусымдағы ең көп жалақы алатын хоккейшісі атанды. «Спорт-Экспресс» хабарлауынша, оның жалақысы 125,9 миллион теңгені құрайды. Одан кейін 110,2 миллион теңге жалақымен Роман Старченко тұр. Ал үздік үштікті Кирилл Панюков аяқтады. Оның жалақысы 104,9 миллион теңге құрады.

Айта кетейік, бұл сомаға хоккейшілерге берілетін бонустар кірмейді, бұл спортшыларға негізгі жалақысы ретінде беріледі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам