Қазақстандық шабуылшы былтыр Гагарин кубогінің иегері атанған
Қазақстандық хоккейші Никита Михайлис Құрлықтық хоккей лигасындағы 500-ші ойынын өткізді. Магнитогорсктің «Металлург» клубында ойнайтын отандасымыз соңғы матчта «Нефтехимике» қарсы айдынға шығып, ұпай ала алмады.
Жалпы, Михайлис 500 матчта 265 (120+145) ұпай жинаған. 89 матчты «Металлург» сапында ойнап, ресейлік команда үшін 44 (21+23) ұпай еншіледі.
Никита Михайлис ұзақ уақыт «Барыста» өнер көрсетті. ҚХЛ-дегі дебюттік ойынын да осы клубта бастаған. Алғашқы матчта Астанада «Салават Юлаевқа» қарсы ойнап, командасымен бірге жеңіске жетті, есеп – 5:4.
Айта кету керек, қазақстандық шабуылшы былтыр «Металлург» сапында Гагарин кубоігінің иегері, яғни ҚХЛ чемпионы атанды.