Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Барыс» - ҚХЛ-дағы ең «өлі» клуб» - Ресей басылымы

01.10.2024, 12:15

«Барыс» биылғы маусымда жеңілістен көз ашқан жоқ

«Барыс» - ҚХЛ-дағы ең «өлі» клуб» - Ресей басылымы
hcbarys.kz/

Ресейдің «Советский спорт» басылымы елорданың хоккей клубының ойынан әбден сынаған. 30 қыркүйекте өз айдынында 1:10 болып ұтылған «Барыс» биылғы маусымда шынымен де жеңілістен көз ашқан жоқ. Тиісінше жанкүйер біткеннің бәрі клубқа мемлекеттік қаржыландыруды тоқтату керек деп ұрандатып жатыр. Тіпті ресейлік БАҚ өкілдері де осындай пікірде. 

Маусым алдында Ресейден, тіпті мұхиттың ар жағынан ойыншылар алдыртқан астаналық ұжым Шығыс конференциясында үздіктер қатарынан көрінуі тиіс болатын, алайда іс жүзінде бәрі басқаша. 

«Мықтыларды іріктеп алған команда Шығыс конференциясының шыңына шығудың орнына қыркүйек бойы құрдымға кетеді деп кім ойлаған. Онымен қоймай, клуб басшылығы бапкерлерді де алма-кезек ауыстырды. Солтүстікамерикалықтарға ыңғайлы болсын деп әбден сынақтан өткен Дэвид Немировскиді шақыртты. Ол тактиканы бізге де, сізге де түсінікті тілмен жеткізе алуға қабілетті маман. Бір қарағанда, әбден ойланып-толғанып қабылданған шешім. Дегенмен 2024-2025 маусымның алғашқы екі аптасы американдық орыстың командаға айтқанын істете алмағанын, жігіттердің шаршаңқы болғанын көрдік. Бірақ ұжым құрамы 50 пайыздан астам жаңарған уақытта мұндай болып тұрады. 

Алайда қорғаныс пен шабуылға не болғанын түсіну мүмкін емес. Өзіңіз қараңыз, «Нефтехимиктен» - 1:2, «Трактордан» - 1:4, «Амурдан» - 1:5,  «Динамодан» - 1:5, «Ак Барстан» - 0:5, «Витязьден» - 1:4 пен 0:2, «Динамодан» - 1:3 және «Торпедодан» 1:10 болып ұтылды. Құдды «Барыс» кезінде кешірілмейтін күнә жасап, қазір сол үшін жазаланып жатқандай», - деп жазды басылым авторы.

Басылым бұл қателіктердің барлығына негізінен ҚХЛ басшылығы кінәлі деп отыр.  

«Бұл нәтижелердің бәріне ҚХЛ басшылығының революциялық шешімдері себеп. Былтыр ұйым маусым соңында өзгертулер болатынын жариялады. Жаңа хоккей жылын 2025 жылдың жазына дейін созды. «Барыстың» Қазақстан құрамасының базалық клубы екенін ескерсек, онда ұжымға мұндай плей-офф пен Гагарин кубогына таластың керегі де жоқ сияқты.
Қазақстан азаматтығы бар хоккейшілер тұрақты чемпионаттың соңғы ойындарына қатыспайтыны анық. Мұндайда мұның бәрі не үшін қажет деген сұрақ туындайды. Команданың жалпы көңіл күйі мен көрермен санының аз болуына жауап табылғандай», - делінген мақалада.

Сонымен қатар автор мемлекеттің қалтасына қол сұғып отырған ұжымның Орталық Азия аумағында ойнай бергені әлдеқайда дұрыс деп санайды. 

«Клуб мемлекетке ауыр салмақ салып отырған ұжымға айналды. Ол Орталық Азия аумағында өнер көрсетуіне әбден болушы еді, ол жақта бәсекелестік те аз, алысқа ұшудың да қажеті жоқ. «Барыстың» жұртқа жар салып мұндай трансфер жасауының не қажеті бар еді: ҚХЛ ойыншыларға да, жанкүйерлерге де керек болмай қалуы үшін бе? 
«Барыстың» ҚХЛ денесіндегі өлі жүкке айналғаны бірінші маусым емес. Бір кездері Өскеменнің «Торпедосы» ойнады, өзінің дәстүрі, жұлдыздары, команданы жақсы көретін, қолдайтын жанкүйерлері бар еді. Керемет хоккей мектебі болды. «Барыста» «Устинкаға» берілген махаббаттың бір бөлшегі де жоқ. Егер мұның бәрі осылай жалғаса берсе, ұйымның өмірі ұзаққа бармайды деген болжам бар», - деп жазылған материалда.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам