Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Барысқа» қазақ бапкері келіп, жеңіске жете бастауы ресейлік сарапшыларға ұнамады

24.10.2024, 10:38

Олар астаналық клубтың жеңісін кездейсоқ деп санайды

«Барысқа» қазақ бапкері келіп, жеңіске жете бастауы ресейлік сарапшыларға ұнамады
Барыс ХК

«Барыс» клубына жаңа бапкер келіп, Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан екінші матчта жеңіске жетті. Алайда, бұл жайт ресейліктерге ұнамаған секілді.

Елорда клубы сырт айдында алдымен Минсктің «Динамосын» жеңсе, артынша Новосібір қаласында «Сибирь» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Осыдан кейін ресейлік бірнеше сарапшы астаналық клубтағы ауыс-түйістер дұрыс емес деген сарында пікір білдірді.

Мысалы, ресейлік журналист Алексей Шевченко Shaiba.kz сайтына берген пікірінде былай депті.

«Мен 4:1 есебімен «Сибирь» жеңеді деп ойлағанмын. Неліктен есептен жаңылыстым? Мұны түсіне алар емеспін. Егер «Барысқа» қарсы «Трактор» немесе СКА ойнағанда менсінбеушілік болды деп айтар едім. «Сибириь», «Динамо» клубтарында ондай дәреже жоқ қой. Шығыс конференциясының аутсайдері аяқ астынан оянып кетті деп ойламаймын. Екі рет кездейсқоқ жеңуі де мүмкін. Бұл жерде «Сибирьде» мінез болмады. Алдымен «Авангард» бапкері жеңемін деп уәде етті, орындады. «Барысқа» келсек, ойындарына қарасаң жылағың келеді. Бірақ екі матч жеңді. Соған да шүкір деп айтсың. Олардан қазір әдемі ойын күту күлкілі», - дейді Шевченко.

Аталған журналист бұған дейін «Барыс» клубына қазақ басшысы мен бапкері келгеніне ренішін айтқан еді. ҚХЛ-ға мұндай команданың не керегі бар деген болатын.

Сондай-ақ, «Трактор» клубының бұрынғы директоры Андрей Баландин де «Барыста» ресейлік мамандар жұмыс істеуі керек» деген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам