Сарапшылар бұл кездесуде қонақтарды фаворит деп санаған
Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астананың «Барысы» өз айдынында Қазанның «Ак Барс» клубын қабылдады.
Сарапшылар бұл кездесуде қонақтарды фаворит деп санаған.
Ғалым Мәмбеталиев мына құрамды шығарды: Бояркин (Шутов) — Бекетаев-Данияр, Бочаров-Николишин-Бурдасов; Камалов-Хохлов, Панюков-Өмірбеков-Әсетов; Гайтамиров-Бутенко, Савицкий-Бойко-Сетдиков; Королев-Оразов, Мұратов-Шайхмедденов-Оспанов.
Бірінші кезеңде ресейлік клуб есеп ашса, үзілістен соң Аңсар Шайхмедденов таразы басын теңестірді. Барлығы үшінші кезеңде шешілуі керек еді, алайда бұл бөлікте қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Овертаймда да ештеңе шешілмеді. Ал буллитте «Ак Барстың» жолы болды.
7 қарашада «Барыс» Екатеринбургтің «Автомобилист» клубын қабылдайды.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Ак Барс» (Қазан, Ресей) 1:2 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 0:1)
Шайбалар: 0:1 — 02:57 Кателевский (Крутов) 1:1 — 39:13 Шайхмедденов (Савицкий, Сетдиков) 1:2 — 65:00 Барабанов. Буллит
Қақпашылар: Бояркин — Билялов Айып: 6:4 (2:0, 0:2, 4:2, 0:0).