Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Барыс» қазақ бапкер келгелі төртінші рет жеңіске жетті

14.11.2024, 01:47

Клубтың жаңа басшылығы легионерлердің көпшілігін қуып жіберген болатын

«Барыс» қазақ бапкер келгелі төртінші рет жеңіске жетті
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы Ғалым Мәмбетәлиев тізгінді ұстағалы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы жерлестеріміз қонақта Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен кездесті.

Тура екі күн бұрын екі команда ойнаған болатын. Ол кезде қарсылас 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы «Барыс» қаһарына мінді. Алғашқы голды кездесудің 18-минутында астаналық команда сапынан Әлихан Өмірбеков соқты.

Екінші кезеңде қос команда да өз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Нәтижесінде таблода өзгеріс болмады.

Ал шешуші үшінші 20-минуттықта «Нефтехимик» сапынан Жан-Себастьен Ди таразы басын теңестірді.

Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, мәселе овертаймда шешілді. Бұл жолы «Барыс» сапынан Кирилл Панюков жеңіс шайбасын соқты.

Сөйтіп елорда клубы солтүстікамерикалық легионерлерін қуып, қазақ бапкерін тағайындағаннан кейінгі төртінші жеңісіне қол жеткізді. Енді «Барыс» алдағы екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 15 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа), сосын 17 қарашада «Сочимен» жолығады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам