Ол жылына 20 млн рубль жалақы алатын болды
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қорғаушысы Даррен Диц Омбының «Автомобилист» клубымен келісімшартқа отырды.
Хоккейшіні клуб Қазақстан азаматы ретінде тіркеген.
«Яғни, ол легионерлерге қойылған лимитке ілікпейді», - деп жазды Shaiba.kz.
Дереккөздің жазуынша, 31 жастағы ойыншының Қазақстан азаматты болуға заң тұрғысынан құқығы жоқ. Өйткені ол канадалық төлқұжатынан бас тартпаған. Ал, біздің елде қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған.
«Қазақстан заңдарын бұза отырып, Даррен Қазақстан төлқұжатына тиесілі барлық артықшылықтарды пайдаланып отыр. Бұған ҚХЛ басшылығы көз жұма қарауда», - деп жазды дереккөз.
Естеріңізге сала кетейік, ол 2019 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада өнер көрсеткен. Бірақ кейін еліміздің атынан ойнауды тоқтатты. Бірнеше жыл Астананың «Барыс» клубының намысын қорғады. Тіпті, 3 жыл бұрын Іңкәр есімді қазақ қызымен шаңырақ көтерген. Ортақ баласы бар.