Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз қақпасына 14 шайба жіберіп, ойсырай жеңілді

29.12.2024, 11:38

Бұның алдында да біздің құрама тас-талқаны шығып жеңілген

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз қақпасына 14 шайба жіберіп, ойсырай жеңілді
Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Оттавада (Канада) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Чехиядан 2:14 есебімен ойсырай жеңілді.

Чехтар сапынан Матей Машталирижски, Войтех Градец және Якуб Штанцль хет-трик авторы атанса, Петр Сикора, Якуб Дворжак, Адам Ехо, Адам Новотны және Войцех Чихар бір-бір шайбадан соқты.

Ал, Қазақстан құрамасынан Кирилл Ляпунов пен Александр Ким қанжығасын майлады.

Айта кету керек, Чехия хоккейшілері алты секундта екі шайба соғып, әлем чемпионатындағы рекордты қайталады. Ал, Қазақстан құрамасы болса өз қақпасына ең көп шайба жіберген командалардың бірі атанып отыр.

Еске салайық, Сергей Старыгин шәкірттері бұған дейін Швециядан 1:8 есебімен жеңілген болатын. Енді 30 желтоқсанда Словакияға қарсы матч өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам