Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Жеңіліп тұрған «Даллас» хоккейшілері матч аяқталуға 13 секунд қалғанда камбэк жасады (ВИДЕО)

24.12.2023, 12:50

«Нэшвилл» жанкүйерлері жеңісті атап өтуге кірісіп кеткен болатын

Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсететін америкалық «Нэшвилл» мен «Даллас» арасындағы матчтың соңы нағыз шоуға айналды.

Алаң иелері үшінші кезеңнің соңына дейін жеңісті есепті (2:1) ұстап тұрған. Алайда, матч аяқталуға небәрі 13 секунд қалғанда қонақтар қатарынан еік шайба соғып, ойынды өз пайдаларына шешті.

Бірінші кезең 0:0 есебімен аяқталған. Екінші кезеңде «Нэшвилл» хоккейшілері Майк Маккаррон мен Колтон Сиссонс бір-бір голмен көзге түссе, үшінші кезеңнің 49-минутында Евгений Дадонов есепті қысқартты. Ал, 60-минутта алаң иелері өз қақпаларына екі шайба жіберіп алды, гол авторлары: Крэйг Смит пен Яни Хаканпаа.

Осы ойыннан кейін «Даллас» 44 ұпаймен Батыс конференциясында үшінші орынға жайғасты. Ал, «Нэшвилл» жетінші орында (38 ұпай).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам