Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Барыс» өз айдынында «Авангардты» ойсырата жеңді

28.12.2023, 21:48

Дәл осындай есеппен астаналық клуб Омбыда «Авангардтан» жеңілген болатын

«Барыс» өз айдынында «Авангардты» ойсырата жеңді
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында жеңілістен көз аша алмай келе жатқан астаналық «Барыс» өз айдынында Омбының «Авангардын» 5:1 есебімен жеңіп, кішігірім сенсация жасады. Сенсация дейтініміз, «Барыс» Шығыс конференциясының соңғы орнында болса, «Авангард» екінші сатыда тұр.

Ойынның алғашқы периодында «Барыс» сапынан Даниил Апальков есеп ашқан болатын. Екінші кезең тартысқа толы болды, алайда жанкүйерлер соғылған шайба көрген жоқ. Ал, матчтың үшінші бөлігінде «Авангард» өз қақпасына қатарынан төрт гол жіберіп, ойын аяқталар тұста өздері бір голмен жауап қатты.

Бұл жеңіліске қарамастан «Авангард» 59 ұпаймен екінші орнын сақтап тұр. Ал, астаналық команда 35 ұпаймен турнир кестесінің соңғы 12-орнына жайқасқан.

Келесі матчты «Барыс» өз алаңында Челябінің «Тракторымен» өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам