
Соңғы ойында астаналық клуб «Металлург» командасынан 1:3 есебімен жеңілді
Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы өз дивизионында алғашқы сегіздікте жүргенде трибунадағы жанкүйерлердің қарасы көп болатын. Ал қазір күнде жеңілетін командаға қолдауға баратындардың да қарасы азайған.
Мысалы, Shaiba.kz сайтының жазуынша, Магниторсктің «Металлург» клубын қабылдағанда «Барыс-Аренаға» бар жоғы 2760 адам келген. Бұл 12 мың сыятын аренаның тек 23 пайызын құрайды. Бұл – 2021-2022 жылдан бергі тіркеліп отырған антирекорд.
Айта кетейік, Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері биылғы маусымда 56 матчта 29 ұпай ғана жинады. Шығыс конференциясында астаналық клуб соңғы орында тұр.