Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Барыс хоккей клубы негізгі қақпашысынан «айрылды»

18.02.2025, 16:40

Турнирлік кестеде «Барыс» соңғы 12-орында келеді

Барыс хоккей клубы негізгі қақпашысынан «айрылды»
Барыс ХК

Елордалық Барыс хоккей клубының негізгі қақпашысы Никита Бояркин жарақат алып, ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды.

Бояркин 14 ақпан күні Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Ладаға» қарсы ойынның екінші таймында қарсыластың шабуылын қайтару кезінде оң тізесінен жарақат алған болатын.

Медициналық тексерістің нәтижесінде Бояркиннің оң жақ тізеснің буынынан жарақат алғаны белгілі болды. Ол енді ұзақ уақыт дәрігерлер бақылауында болып, айдынға оралмайды.

Никита Бояркин биылғы маусымда «Барыс» сапында 38 ойынға қатысқан. Ол соққылардың 92,4%-ын қайтарған. Соған қарамастан астаналық клуб жеңілістен көз ашалар емес. Турнирлік кестеде «Барыс» соңғы 12-орында келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам