Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Барыс» ойыншысы «Салават Юлаевтың» шабуылшысын өлімші етіп сабады (ВИДЕО)

08.01.2024, 09:07

Астаналық команда қатарынан екінші рет жеңілді

«Барыс» ойыншысы «Салават Юлаевтың» шабуылшысын өлімші етіп сабады (ВИДЕО)
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында астаналық «Барыс» Уфада жергілікті «Салават Юлаевпен» кездесіп, ірі есеппен жеңілді (3:5).

Ойынның бірінші кезеңінің соңында астаналық клубтың шабуылшысы Джозеф ЛаБейт қарсылас команданың ойыншысы Данил Башкировпен төбелесіп, оны сабап тастады.

«ЛаБейт тым ірі, сондықтан Башкировтың төбелесте оған қарсы мүмкіндігі жоқ, ол түсінікті», - деді ҚХЛ комментаторы тікелей эфир барысында.

«Салават Юлаев» сапынан Егор Сучков – бір, Джош Лейво мен Матвей Гуськов бір-бір шайбадан соқса, «Барыстан» Энтони Камара, Самат Данияр және Даниил Апальков дәл соққымен көзге түсті.

Осы жеңістен кейін «Салават Юлаев» Шығыс конференциясында 63 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал, небәрі 39 ұпайы бар «Барыс» 11-орында.

Келесі ойынын астаналық команда 9 қаңтарда сырт алаңда «Ақ Барыспен» өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам