Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының финалы жойқын төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

06.01.2024, 17:59

АҚШ жастары осымен әлемнің алты дүркін чемпионы атанып отыр

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының финалы жойқын төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)
Reuters

Швецияда хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Финалда АҚШ пен Швеция командалары кездесіп, америкалықтар 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық кездесу аса тартысты өтті, әсіресе үшінші кезең жанкүйерлер үшін қызыққа толы болды. Алғашқы екі кезеңнің нәтижесінде америкалық хоккейшілер 3:2 есебімен алда тұрған. Соңғы шешуші кезеңде шведтердің ойынды құтқаруға мүмкіндігі мүлдем болған жоқ, қарсылас команда жауапсыз үш шайба соғып, ойсырата жеңіске жетті.

Ал, ойын аяқталуға небәрі жарты минут уақыт қалғанда қос құраманың хоккейшілері жаппай төбелес ұйымдастырды. Абырой болғанда, ешкім жараланған жоқ.

Айта кету керек, АҚШ жастары осымен әлемнің алты дүркін чемпионы атанып отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт