Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Барыс» қатарынан үшінші ойынын жеңілді

10.01.2024, 08:47

Матч тағдырын буллит сериясы шешті

«Барыс» қатарынан үшінші ойынын жеңілді
Барыс ХК

Хоккейден Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Қазанға барып, «Ақ Барстан» жеңіліп қалды.

Ойынның негізгі бөлігі тең аяқталған. Қос команданың ойыншылары да үш кезең бойы есепті аша алған жоқ. Овертаймда да жанкүйерлер соғылған шайба көрмеді. Тек буллит сериясында «Ақ Барс» бір гол соғып, жеңісті жұлып алды. Ал, «Барыс» хоккейшілері болса бес мүмкіндіктің бірде-бірін пайдалана алмады.

Айта кету керек, жыл басынан бері астаналық клуб сырт алаңда төрт ойын өткізіп, оның үшеуінде жеңілді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам