«Барыс» Мәскеуде қатарынан екі матчта жеңілді

08.06.2025, 09:33

Астаналықтар аса ірі есеппен – 1:11 жеңіліп қалды

«Барыс» Мәскеуде қатарынан екі матчта жеңілді
hcbarys.kz

Астаналық «Барыс» 3х3 форматындағы Континенталь лигасының 22-туры аясында кезекті ойындарын өткізді. 7 маусым күні Мәскеудегі «Южный Лед» кешенінде өткен үшінші ойын күнінде команда екі матч өткізіп, өкінішке қарай, екеуінде де жеңіліс тапты.

Алғашқы қарсылас — Новосібірдің «Сибирь» командасы болды. Бұл ойында «Барыс» 3:7 есебімен есе жіберді. Екі шайбаны Али Қасенов соғып, дубль авторы атанса, тағы бір гол Станислав Филиппенконың еншісіне жазылды.

Екінші кездесу Омбының «Авангард» командасына қарсы өтті. Бұл жолы астаналықтар аса ірі есеппен – 1:11 жеңіліп қалды. Команданың жалғыз шайбасын Карим Қажыбеков соқты.

Осылайша, «Барыс» 22-тур аясында қатарынан төртінші рет жеңіліп отыр. Әзірге бұл турда команда бірде-бір жеңіске жете алған жоқ.

8 маусым күні, «Барыс» турдағы соңғы кездесуін Минскінің «Динамо» командасына қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам