
Қызметкерлер мен ойыншылары екі айдан бері жалақы алмаған
Астананың «Барыс» клубының қарызы қанша екені анықталды. Шайба.kz сайтының мәліметінше, елордалық ұжымның берешегі 1,7 млрд теңгеге жеткен.
Естеріңізде болса, бұған дейін Астана клубы қызметкерлері мен ойыншыларына екі айдан бері жалақы төлемегені айтылған еді. Сонымен қатар құрал-сайман мен ойын киімдеріне ақыны қайтару бойынша да қарыз бары белгілі болды.
«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатында Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 35 ұпаймен 12-орынға жайғасты. Команда 68 матчта 54 рет жеңіліс тапты.