Құрлықтық хоккей лигасының чемпионаты 5 қыркүйекте басталады
Астаналық «Барыс» хоккей клубы алдағы маусымға арналған жаңа ойын формасын көпшілікке таныстырды. Клубтың ресми парақшасында жарияланған бейнероликте дәстүрлі ақ-көк және көк түсті джерсилер «Барыс Арена» мұз айдынының аясында бейнеленген.
Жаңа маусымға дайындыққа ерекше кіріскен елордалықтар киім үлгісін де өзгеше форматта көрсетті. Әдеттегідей сәттерден бөлек, видеода команданың жаңа маусымдағы келбеті ерекше қырынан ашылған.
Құрлықтық хоккей лигасының 2025/2026 жылғы тұрақты чемпионаты 5 қыркүйекте басталады. Ал «Барыс» өз жорығын 7 қыркүйекте бастап, өз айдынында челябиндік «Тракторды» қабылдайды.