Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

04.09.2025, 11:43

Турнирге 6 елдің ұлттық құрамасы қатысады

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді
Туризм жəне спорт министрлігі

6-11 қыркүйек күндері Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Турнирге Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия ұлттық құрамалары қатысады. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтеді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан алғашқы екі команда А тобына жолдама алса, соңғы орынға ие болған команда С тобына түседі. Бұдан бөлек, Астанада Милано-Кортина 2026 XIV қысқы Паралимпия ойындарының іріктеу турниріне екі жолдама беріледі. Бұл жарыс 2025 жылдың 5-10 қарашасында Норвегияның Йессхейм қаласында өтеді. Паралимпиадаға тікелей жолдама алатын құрамалар сол турнирде анықталады.

Елімізде әлем чемпионаты паралимпиадалық спорттың қарқынды дамуының нәтижесінде өткізіліп отыр. Қазіргі таңда елімізде 19 паралимпиадалық спорт түрі дамып, жыл сайын 800-ден астам жарыс ұйымдастырылады. Сонымен қатар отандық спортшылар жылына 80-нен астам халықаралық турнирге қатысып келеді.

Сурдлимпиадалық қозғалысқа да ерекше көңіл бөлінуде: ұлттық құрама XXV жазғы Сурдлимпиадаға дайындықты бастап кетті. Сонымен бірге «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға сәйкес, алғаш рет «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізіледі. Бұл жаңа ереже бірінші топ мүгедектігі бар спортшыларға спорттық іс-шараларға қатысу кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам