Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Жер сілкінісіне байланысты Алматыда хоккей турнирі кейінге шегерілді

26.01.2024, 12:17

Билеттердің ақшасы кері қайтарылады

Жер сілкінісіне байланысты Алматыда хоккей турнирі кейінге шегерілді
Қазақстан хоккей федерациясы

Алматыда Eurasia Jastar Cup турнирі өтпейтін болды. Бұл туралы еліміздің хоккей федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сеймологиялық жағдайға, сонымен қатар қатысушы командалар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның хоккей федерациясы басшылығы тарапынан 2024 жылдың 1 және 4 ақпаны аралығында Алматыда өтеді деп жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу туралы шешім қабылданды», - деп жазылған федерация таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, турнирдің кейінірек мерзімге ауыстырылуы жөнінде қосымша ақпарат кейін жарияланатын болады.

«Барлық жанкүйерлерге қолдау үшін алғыс білдіреміз, сатып алған барлық билеттер қайтарылады», - деді федерация тарапы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам