Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Азат Мақсұм мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

04.02.2024, 09:48

Бұл – оның UFC лигасындағы екінші жекпе-жегі

Азат Мақсұм мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты
Tengri Sport

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Азат Мақсұм мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. UFC Fight Night 235 турнирінде ол америкалық Чарльз Джонсонмен төбелескен болатын.

Айта кету керек, Джонсон 2022 жылы қарашада өзге қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловты да жеңген еді. Сондықтан, қазақ жанкүйерлері бүгін Азаттың «кек алатынына» сенімді болған. Алайда, төрешілер шешімімен ол жеңіліп қалды.

Бірінші раундтың басында Азат қарсыласын бір рет нокдаунға жіберіп, қылқындыру әдісін де қолданып көрді. Алайда, мұнысы айтарлықтай нәтиже бере қойған жоқ. Екінші кезеңде америкалық файтердің басымдығы байқалды. Ал, үшінші кезеңде қос спортшы соққылармен алмасып, матч соңында Джонсон белсенділік танытты.

Төрешілер жеңісті бірауыздан америкалық Чарльз Джонсонға берді (29-28). Бұл Азат Мақсұмның аралас жекпе-жектегі алғашқы жеңілісі. Бұған дейінгі 17 кездесудің бәрінде ол жеңіске жеткен болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам