Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Атақты чемпион Генри Сехудо Қазақстан спортшыларын ерекше мақтады

Бүгін, 09:20

Шавкат титулға таласа алады, қазір ол - бірінші нөмірлі үміткер.

Атақты чемпион Генри Сехудо Қазақстан спортшыларын ерекше мақтады
UFC

Еркін күрестен 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының чемпионы, аса жеңіл және жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Генри Сехудо қазақстандық спортшыларды мақтады.

Ол Дубайда бокстан өткен әлем чемпионатына арнайы келген болатын. Спортшыдан Шавкат Рахмоновтың әлеуеті жайлы пікірін де білдік.

«Қазақстандық спортшылар өте қайсар келеді, шеттерінен мықты. Өзімнің еркін күрестегі мансабымда Қазақстан спортшыларынан жеңілген кездерім болды. Сондықтан бұл елде спорттың, әсіресе жекпе-жек өнерінің деңгейі қаншалықты жоғары екенін жақсы білемін», - деді ол.

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық турнирге де қатысқанын алға тартып, мұның үлкен тәжірибе болғанын тілге тиек етті.

«Шамамен алты ай бұрын Alash Pride турниріне қатыстым. Бұл мен үшін де ерекше тәжірибе болды. Жалпы, жекпе-жек спорт түрлерінде қазақстандық жанкүйерлердей жанкешті, спортты шын жүрегімен сүйетін халықты кездестірмедім деп ойлаймын. Қазақстан – батырлар мен мықтылар мекені екенін тағы бір мәрте мойындағым келеді», - деді ол. 

Сонымен қатар америкалық спортшыдан Шавкат Рахмоновтың титулға таласу мүмкіндігі жайлы сұрадық.

«Иә, Шавкат титулға таласа алады, қазір ол - бірінші нөмірлі үміткер. Ол жекпе-жекке дейін жарақатын емдеп үлгере ме, бабында ма, ол енді басқа мәселе. Бұған өзі ғана жауап бере алады. Бірақ ол деңгейі жоғары спортшы. Өзіме оның жекпе-жек стилі ерекше ұнайды. Құдай-ау, 19 жекпе-жектің 18-ін мерзімінен бұрын аяқтап, әлі күнге дейін жеңіліс көрмеген. Егер ол чемпион атанса, бұл Қазақстан үшін керемет жаңалық болары сөзсіз», - деді экс-чемпион.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам