Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Шавкат Рахмоновтың жұбайы рөлде болған жол апатына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Бүгін, 15:53

Министрдің орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда тек соңғы сот-сараптамасының қорытындысын күту ғана қалған.

Шавкат Рахмоновтың жұбайы рөлде болған жол апатына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
ашы

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс аяқталу сатысында және жақын күндері сотқа жолданады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

Министрдің орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда тек соңғы сот-сараптамасының қорытындысын күту ғана қалған.

– Қылмыстық іс аяқталуға жақын. Осы аптада соңғы сот сараптамасының нәтижесі алынады. Одан кейін күдіктінің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, материалдар прокуратура арқылы сотқа жіберіледі, – деді Санжар Әділов.

Сондай-ақ ол жол-көлік оқиғасы Ақмола облысының аумағында болғанымен, істі сол өңірдің полиция департаменті тергеп жатқанын нақтылады.

– Қылмыстық істі аймақтық полиция департаменті жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр, – деп толықтырды вице-министр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам