Файтер ресейлік Рашид Магомедовті төрешілер шешімі бойынша жеңді
Қазақстандық танымал ММА файтері Қуат Хамитов Мәскеуде өткен ACBJJ 20 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін қазақстандық жанкүйерлерге арнап ән орындады.
Аралас жекпе-жек шебері аталған сында ресейлік Рашид Магомедовті төрешілер шешімі бойынша жеңді. Жекпе-жектен соң сөз алған Қуат Хамитов қазақ халқына алғысын білдіріп, спорттың басты мақсаты халықтарды жақындастыру екенін атап өтті.
Спортшы бұл жолы «Елім менің» әнін шырқады. Оны бұл әрекетін көпшілік жылы қабылдап, зал толы көрермен ықыласпен қошемет көрсеткен.
Айта кететін жайт, отандық спортшы бұған дейін әлеуметтік желіде тікелей эфирде қыз балаға ауыр сөздер айтып, оның адами қасиетіне қатысты кемсітушілік жасаған еді. Ауыр сынға ұшыраған спортшы бұл әрекетіне қатысты талқылауға түскеніне қарамастан, ешқандай түсінікте берген жоқ.